- /
- Новости /
🌱 «Замандастар жырлары» тәрбие жобасының маңызы жас зияткерлерге таныстырылды
14 қазан 2024 09:45
Зияткерлік оқу ордамызда 7 сынып оқушыларына NIS жүйесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Замандастар жырлары» тәрбие жобасы таныстырылды.
Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас қаламгерлер мен ақындардың шығармаларын оқуға насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.
Аталған жоба аясында зияткерлер жыл сайын жас ақынның өмірі мен шығармашылығынан толыққанды ақпарат алып, білім көкжиегін дамытады, дейді мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Аяулым Тоқанова. Өз сөзінде ол, жас зияткерлердің жобаға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, ақындардың шығармашылығымен толықтай таныстырып, жыл көлемінде жоспар бойынша бірнеше мерекелік іс-шаралар өтетінін атап өтті.
Ағымдағы оқу жылы зияткерлер Халықаралық, республикалық және облыстық айтыстар мен мүшайралардың жеңімпазы, 2022 жылы «Айтұмар» конкурсының ІІІ орын иегері, «Жаңбыр» кітабының авторы Сегізбаева Айдана Мұратханқызының шығармашылығымен танысатын болады.