- /
- Новости /
🌱ЗИЯТКЕРЛЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК КЕЗЕҢІНДЕ ТОП ЖАРДЫ
31 қазан 2024 19:32
NIS жүйесіндегі Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде елордалық физика-математика бағытындағы NIS-тің зияткерлері өз жобаларын ұсынып, үздіктер қатарында топ жарды. Еліміздің барлық өңірінен жас зерттеушілердің басын қосқан ғылыми жобалар байқауында зияткерлеріміз 15 тың жоба қорғады. Оқушылар ұсынған 15 жобаның ішінен 6 жоба үздік деп танылып, оның ішінде 4 жоба І орын иеленсе, қалғаны жүлделі ІІ-ІІІ орындар иеленді. Атап айтсақ:
І орын иеленгендер:
11 сынып оқушысы Жаннұр Қали - “Neuroqalqan: тереңдетілген оқыту құралдарын пайдалана отырып, жоғары әрі тиімді нейроонкологиялық жүйені әзірлеу” жобасы (жетекшісі Кенжеханова Мейрамгуль);
12 сынып оқушысы Балташова Айғанымның -“AlphaFold қолдану арқылы Альцгеймер ауруында неприлизин ферментімен препараттың байланысуын болжау” жобасы (жетекшілері Жайрбаева Рысжан, Кыдырмолдина Айнур)
Топтық жұмыс бойынша І орын иеленгендер:
10 сынып оқушылары Әли Медетұлы мен Арнур Тогамбаевтың “Левитация эффектісіне негізделген өздігінен реттелетін рельстер мен пойыз жүйесін әзірлеу” жобасы (жетекшісі Канаева Каракат);
12 сынып оқушысы Диас Сейдахметов пен 10 сынып оқушысы Наджмудин Адихановтың “Вибрациялық тестілеуді автоматтандыру” жобасы (жетекшісі Адайхан Нұртас);
ІІ орын:
Жеке жұмыс бойынша 10 сынып оқушысы Нұргелді Пернебай “Саяси-қоғам қайраткері Иса Тоқтыбаев тартқан тауқымет” (жетекшілері Қуандықов Серғазы, Турганбаев Аигыз) жобасы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.
ІІІ орын:
Топтық жұмыста 10 сынып оқушылары Асылжан Сайлау мен Семен Чистяков “Использование фотобиореактора в целях разработки биоупаковки на основе мицелий вешенки обыкновенной и нитчатых водорослей” жобасы бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді. (жетекшілері: Кыдырмолдина Айнур, Молдабаева Жанар)
Еске сала кетейік, желілік ғылыми дода Қостанай мен Қарағанды қалаларындағы NIS базасында өткен болатын.