🌱Алихан Жумашев Тоғызқұмалақтан желілік спартакиадада жүлделі ІІІ орынды иеленді

11 қараша 2024 17:36

NIS филиалдары арасындағы тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада да мектеп зияткері жүлделі ІІІ орын иеленді. Аталған сайыс қарашаның 7-9 күндері онлайн форматта PlayOk платформасында өтті.

Мектеп зияткері Алихан тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы 6 жастан басталғанын айтады:

Бұл ойынға қызығушылығым бала кезден басталған. Жалпы тоғызқұмалақ ойыны аналитикалық, психологиялық, сыни ойлау қабілетін дамытады. Осы ойынға деген қызығушылығымның арқасында мектеп атынан қалалық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленгенім бар. Осы жылдың күзінде Румынияда өткен халықаралық байқауда жүлделі ІІ және ІІІ орынды иеленген болатынмын. Менің мақсатым тек байқауларға қатысып, жүлде алу ғана емес, ұлттық ойынды әлемдік деңгейде дамыту, ел атынан жетістіктерге жету,- дейді мектеп оқушысы Алихан Жумашев.

Айта кетейік, биылғы желілік додаға барлық NIS мектептері қатысқан сайысқа 94 оқушы қатысып, ақыл-ой жарысында өзара бақ сынасты. Елордалық зияткерлердің ұлттық ойынға деген қызығушылығы жоғары екені желілік сайыста айқын көрініс тапты.