- /
- Новости /
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ЮНЕСКО КЛУБЫНАН 5 ОҚУШЫ ҮШ КҮНДІК ИНТЕРАКТИВТІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ.
02 наурыз 2024 17:20
Халықаралық ғылым саласындағы әйелдер мен қыздар күніне орай Астанада ЮНЕСКО - ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ, сондай-ақ ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясымен бірлесіп үш күндік интерактивті семинар ұйымдастырды. Іс-шара Астана қаласындағы БҰҰ ғимаратында өтті. Жиынға Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ЮНЕСКО клубынан 5 қыз бала қатысты. Оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар әйел ғалымдарды шабыттандыратын және табысқа жетуге итермелейтін кеңестерді тындады . Сондай-ақ олар ғылым саласындағы пікірталастарға белсенді қатысты. Аталған семинар Зерде, Бином, Спектрум, Квантум сияқты елордалық мектептердің дарынды қыздарымен танысуға тамаша мүмкіндік берді. Осы жиында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі ЮНЕСКО клубының жетекшісі зияткерлік викторинада бірінші орынға ие болып, оған ЮНЕСКО ұйымының логотипі бар, атаулы сөмке сыйға тартылды. Бұл марапат оның ғылыми қоғамдастыққа қосқан үлесін көрсетеді және басқа да қыздарды ғылымға белсенді қатысуға шабыттандырады. Айта кетсек, аталған семинардың басты мақсаты – әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және тең қол жеткізу мен қатысуын қамтамасыз етіп, гендерлік теңдікке және әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту.