banner

Жаңалықтар

«Жас зерттеуші» байқауы – үлкен жаңалықтарға алғашқы қадам!

25 ақпан 2025 11:43

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жас зерттеуші» байқауы өтті. Бұл байқау 7-сынып оқушыларының ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттырып, олардың алғашқы ізденістері мен жаңалықтарын таныстыруға мүмкіндік берді.

🔬 Байқау – жас зерттеушілердің ғылыми ойлау қабілетін дамытып, жаңа біліммен бөлісетін маңызды алаң. Биылғы байқауда 93 жоба ұсынылды, оның ішінде 12 жоба тірек мектептерінен келіп түсті. Барлығы 128 жас ғалым өз жұмыстарын қорғап, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын жасады!

Ғылыми байқауға қатысуға белсенділік танытқан тірек мектептер:
🏫 Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі
🏫 Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебі
🏫 Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

👨‍⚖️ Байқауда қазылар алқасы ретінде ең алдымен, оқушыларды қолдап, әділ баға берген ата-аналар, ғылыми кеңес беріп, жобаларды бағалаған университет оқытушылары, өз тәжірибелерімен бөліскен ғылыми жоба байқауларының жүлдегерлері – жоғары сынып оқушылары болды.

🏆 Айта кетейік, байқауда ғылыми ізденістері және жаңашылдығымен ерекшеленген үздік жобалар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша жүлделер табысталды:
🌟 Үздік ғылыми жоба
🌟 Өзекті зерттеу
🌟 Болашағы зор зерттеу
🌟 Экологиялық жоба
🌟 Ең креативті әдіс
🌟 Үздік бизнес-идея
🌟 Ең қызықты эксперимент
🌟 Ең ерекше әдістеме

«Жас зерттеуші» байқауы – бұл жай ғана жарыс емес, ғылым мен білімнің мерекесі! Әрбір қатысушыға алдағы уақытта ғылыми ізденіс жолында үлкен табыстар тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-