banner

Жаңалықтар

Елордалық NIS оқушылары аймақтық MUN конференциясында үздік атанды!

25 ақпан 2025 17:16

22-23 ақпан күндері Ривьера халықаралық мектебінде өткен аймақтық MUN (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі) конференциясында мектебіміздің 10-сынып оқушылары Балабек Арсен мен Абдаман Мирас жоғары нәтиже көрсетті.

🌍Халықаралық қатынастар мен дипломатияға қызығушылық танытқан қос делегат конференция барысында өздерінің терең аналитикалық дағдыларын көрсетіп, пікірталастарға белсенді түрде қатысты.

🏆 Конференция қорытындысы бойынша:
 «Үздік делегат» атағын Балабек Арсен иеленді.
«Үздік позициялық баяндама» номинациясын Абдаман Мирас жеңіп алды.

Бұл жетістіктер – олардың жоғары деңгейдегі дайындықтарының және әлемдік мәселелерді талқылау мен шешуге деген ұмтылысының айқын көрінісі.

Фотогалерея

image-
image-