
Жаңалықтар
"Ұлы Дала ақындары" жобасы арқылы Әбіш Кекілбаев мұрасын дәріптеу

27 ақпан 2025 14:54
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде биылғы оқу жылында "Ұлы Дала ақындары" жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын терең зерттеуге бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді.
Жазушының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіру, көркем туындыларын насихаттау мақсатында кураторлар Құнанбаева Әйгерім Маратқызы мен Қалықбай Ботакөз Қанатбекқызы 9 "С" сынып оқушыларын Ұлттық академиялық кітапханадағы Әбіш Кекілбаевтың оқу залына экскурсияға апарды.
Бұл шара барысында оқушылар қаламгердің өмірі мен еңбектерімен танысып, оның әдеби мұрасын терең түсінуге мүмкіндік алды. "Ұлы Дала ақындары" жобасы арқылы жас зияткерлердің ой-өрісі кеңейіп, тарихи және көркем әдебиетті бағалауға деген қызығушылығы артатынына сенеміз.