
Жаңалықтар
«Замандастар жырлары» жобасы аясында ақын Айдана Сегізбаевамен кездесу

25 ақпан 2025 18:03
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлары» жобасы аясында жас ақын, «Жаңбыр» атты жыр жинақтарының авторы Айдана Мұратханқызы «Ақындық-жүрек, өлең сезім» атты дөңгелек үстелде ақындық өнердің қыр сырларын айтып бөлісті. Айдана Мұратханқызы оқушылармен ақындық өнердің сырларымен бөлісіп, қызықты әңгіме өрбітті.
Ақынмен кездесу барысы зияткерлер үшін шабыт пен шығармашылық атмосферасына айналды. Жоба қонағы оқушыларға шығармашылық ойлауды дамытуға көмектесетін бірнеше жаттығулар ұсынды. Әңгіме барысында ақын поэзиядағы шынайылықтың маңыздылығын атап өтті. Ол әрбір өлең автордың ішкі әлемінің көрінісі екенін және эмоцияларыңызбен бөлісуден қорықпау маңызды екенін түсіндірді. Оқушылар ақынмен бірге кітап, аспан, жүрек деген сөзді қосып 10 минуттың ішінде өлең шумақтарын жазды. Зияткерлер бұл сәттен шабыт алып, жаңа идеялар мен шынайы сезімдерге толы алғашқы жолдарын жаза бастады.
Бұл кездесу поэзия сабағы ғана емес, сонымен қатар оқушыларға жарқын әсер қалдырған шығармашылық басқосу болды.