banner

Психологиялық қызмет

  • /
  • Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, оларға әртүрлі эмоционалдық және мінез-құлық проблемаларын шешуге көмектеседі, сондай-ақ оқу іс-әрекетінде қолдау көрсетеді.

Құрамы:

Аманова Жанна Шакуовна

Батлукова Татьяна Александровна

Насирова Алима Шамситдиновна

Насирова Алима Шамситдиновна

Психологиялық қызмет келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: психодиагностика, психологиялық кеңес беру, түзету және ағартушылық жұмыстары.

7, 8 оқушыларға арналған бағдарлама бейімделуге бағытталған және оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін диагностикалауды, «Мықты отбасы» / «Берік отбасы» бағдарламасы шеңберінде ата-аналармен және балалармен жұмыс істеуді, «Тұлғалық даму» элективті курсын қамтуға, оқушыларды оқу процесіне табысты кіріктіруге көмектеседі.

9, 10 сынып оқушыларына арналған «Сенің таңдауың» бағдарламасы кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауға бағытталған сабақтарды, оқушыларға өздерінің бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтауға, қабілеттерін дамытуға, одан әрі оқытудың бағыты мен стратегиясын анықтауға, болашақ мамандық және оның мансаптық қаржылық перспективалары туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көмектесетін үлкен психологиялық-кәсіптік «Перспектива» бағдарлау ойынын қамтиды. 11, 12 сынып оқушыларына арналған «Табыс психотехнологиясы» бағдарламасы және «Болашақты басқару» элективті курстарынан тұрады, оқушыларға уақытты тиімді басқару мен мотивацияны арттыруды қоса алғанда, ересек өмірге көшуге дайындалуға көмектеседі. Психологиялық қызмет мамандары мектепті бітіруші сынып оқушыларына емтихандарды сәтті тапсыру және олардың оқу мақсаттарына жету үшін керекті қолдау көрсетеді.

Ата - аналармен жұмыс-мектептегі психологиялық қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Ата-аналармен жұмыс мектеп пен отбасы арасында серіктестік құруға мүмкіндік береді, бұл балалардың толық және үйлесімді дамуына ықпал етеді. Психологиялық қызметтің мамандары бұл процесте ата-аналарға ата-аналық міндеттеріне көмектесу үшін қолдау, ресурстар және ақпарат беру арқылы маңызды рөл атқарады.

Психологиялық қызметтің мамандары педагогтердің ынтымақтастығы мен қолдауында маңызды рөл атқарады, бұл оқушылар өз әлеуетін барынша арттыра алатын қолайлы жағдай жасап,  қолдау көрсететін білім беру ортасын құруға көмектеседі.