banner

Мектеп формасы

  • /
  • Мектеп өмірі

Мектеп формасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

мектеп киіміне қойылатын бірыңғай талаптар

Мектеп формасын кию оқушыға мектеп қауымдастығының мүшесі екенін сездіреді, имидждік тұрғыдан маңызды рөл атқарады және оқушылардың бірлігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар мектеп киіміне қатысты ортақ стандарт оқушылардың тәртібін реттейді, оқуға деген ынтасын оятады.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да мектеп формасын кию міндетті саналады. Мектеп формасының пішіні мен түсі классикалық стильден ауытқымайды. Мектеп киімінің түсі – қою көк түсті, жейде мен блуза ашық түсті.

 

Ер балалардың мектеп формасы пиджактан, шалбардан, мерекелік жейдеден, күнделікті жейдеден тұрады. Ер балаларға арналған шалбар кең пішімді, ұзындығы тобықты жауып тұрады.

 

 

       

Қыз балаларға арналған мектеп формасы пиджактан, белдемшеден, шалбардан, классикалық блузадан тұрады. Қыздардың шалбары кең пішімді, ұзындығы тобықты жауып тұрады, белдемшенің ұзындығы тізеден төмен.

 

      

 

Пиджактың сол жағында міндетті түрде шеврондағы эмблема орналасады және галстук тағылады. 

Шевронның үлгісі: доғал бұрышпен аяқталатын бұрыс бесбұрыш түріндегі шеврон (сызбаны қар.). Шевронның өлшемі: биіктігі – 65 мм, ені – 55 мм. 

Шевронның түсі: ақ, жасыл, алтын түсті.

Мата құрамы 100% полиэстер.

 

 

 

Галстуктың үлгісі: классикалық галстук жолақты 100% полиэстер матадан әзірленген, негізгі бөлігі созылыңқы трапеция түрінде жасалып, үшкір бұрышпен аяқталады. Галстуктың өлшемі: ұзындығы – 152 см, табанының ені – 5,5 см, жоғары байланатын тұсының ені – 3,5 см.

Галстук түсі: сұры, жасыл, алтын түсі.

 

 

                                                               

Мектеп формасына түрлі конфесссияларға діни қатысымды білдіретін киім элементтерін қосуға жол берілмейді.

Мектеп формасының маталары ретінде төзімділігі жоғары, антибактериалды, антимикробты және антистатикалық қасиеттерге ие, төзімділігі жоғары, аса сапалы жартылай жүн және мақта маталары пайдаланылады.

Ата-ана мен басқа да заңды өкілдер білім алушылардың Зияткерлік мектепте белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.