Жаңалықтар
Мектепте жыл сайынғы “SAMGAU” форумы өтті
10 қаңтар 2025 20:23
Бүгінгі оқушылар үшін шабыт беретін спикерлер мен баға жетпес білімге толы күн болды.
Бұл жолғы “SAMGAU” форумы қаншама талантты және зерек ойшылдардың басын қосты.
Жалпы “САМҒАУ” форумы жыл сайын қуат пен мотивация орталығына айналды.
“SAMGAU” форумында түлектер мектеп оқушыларын ерекше шабыттандырды.
Оқушылар үшін түлектердің жетістік тарихтарын тыңдаудың, сұрақтар қоюдың және арманға жету жолын үйренудің бірегей мүмкіндігі. Талантты түлектеріміз өздерінің тәжірибелерімен, кеңестерімен және мотивацияларымен бөлісті. Ал мектеп оқушылары әр сөзді қағып алуға тырысып, айтылған ілімдерді бойларына сіңірді.Түлектер өздерінің жетістіктері, қиындықтарымен бөлісті. Бүгін күн нағыз ұрпақтар арасындағы диалог болды.
Түлектеріміз табысқа жетудің кез келген жолы өзіне деген сенімділік пен жаңа мүмкіндіктерді байқап көру батылдығынан басталатынын көрсетті.