- /
- Хабарландырулар /
Құрметті ата-аналар!
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – ДББҰ) Басқарма отырысының 2024 жылғы 23 мамырдағы шешіміне сәйкес (№27 хаттама) 2022 жылдың 1 маусымында (№24 хаттама) бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, оқушының жатақханаға орналасуы/шығуына қатысты өтінішті оның заңды өкілдері «Жатақхана бойынша өтініштерді беру және қарастыру сервисі» (бұдан әрі - Сервис). арқылы жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Оқушының заңды өкілі әр балаға өтінішті жеке-жеке береді.Жатақханадан орын алуға өтініш беру процесі туралы нұсқаулықпен осы жерден таныса аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін ДББҰ Тәрбие жұмысы департаментіне хабарласуыңызға болады.Байланыс телефоны: 8-7172-23-57-00
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
1. Заңды өкілдердің жатақханадан орын бөлуге өтініштерін қабылдау 2024 жылдың 3 маусым сағат 09.00-ден 14 маусым 18.00-ге дейін жүргізіледі.
2. Қабылдау Комиссиясының жұмыс уақыты:Дүйсенбі – жұма күндері
3. Жатақханаға орындар бөлуге қатысты Комиссияның отырысы 2024 жылдың 24 маусымында өтеді.