Аймақтық ғылыми-педагогикалық конференция өңір ұстаздарын біріктірді

10 маусым 2024 09:32

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Білім берудегі зерттеу: ақыл-ойды дамыту арқылы әлемді өзгерт» атты аймақтық ғылыми-педагогикалық конференция өтті. Көкшетаудағы NIS ұжымы мектеп директоры Шырын Жұмабекованың бастауымен аталған шараға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Конференция пленарлық бөлімнен басталып, секциялық отырыстарға ұласты. Шырын Жұмабекова пленарлық бөлімге жетекшілік етіп, «Garden Academy» қазақстандық педагог-кәсіпкерлер аскелераторының негізін қалаушы және құрылтайшысы Нұрмұхамед Досыбаев, «STEAM.KZ» компаниясының бас директоры Абзал Ақбар, «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының жетекшісі Асылан Айтахметов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Лейла Альмагамбетова сияқты өз ісінің мамандарымен білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылады. Секциялық отырыстарда Көкшетаудағы NIS-тің биология пәнінің мұғалімдері Жанар Байгужина мен Сиита Данбамбу «Scaffolding, Code Switching, Translanguaging» в совместном преподавании биологии для улучшения понимания биологических процессов» тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанар Ордабаева «Развитие навыков аргументации через применение эвристического метода проблемного обучения на уроках английского языка» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Ғалия Ермуханова «Как предоставлять эффективную обратную связь для улучшения качества успеваемости?» тақырыбында, мектептің психолог маманы Айнагүл Назарова «Личностное развитие учащихся-подростков в процессе занятий элективного курса по психологии» тақырыбында сөз сөйлеп, конференция қатысушыларына құнды тәжірибе ұсынды. Тығыз байланыс пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған өңірлік конференция постерлер көрмесі мен қорытынды жиынмен тәмамдалды.