«Берік отбасы» бағдарламасы аясында кездесулер басталды

19 қыркүйек 2024 10:28

Көкшетаудағы NIS-те «Берік отбасы» бағдарламасы аясында кездесулер басталды. Іс-шарасы 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында берік қарым-қатынас орнату және мектеппен байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бағдарлама ата-аналарға балаларын қолдауға көмектесіп, балаларға болашаққа мотивация беруге, жастарды күйзеліске және құрдастың қысымына төтеп беру үйретуге, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған арнайы тапсырмаларды қамтиды.

Мектебімізде бағдарламаның жұмысын психологтары Айнагүл Назарова, Ольга Алеева, Мушел Марта және педагог – ұйымдастырушы – кураторлар Жанарай Тиржанова, Айжан Жолдасбаева жүргізеді.

Фасилитатор қызметін Корлан Телгарина, Әли Тұржанұлы, Баян Мусина, Гульмира Елеуова, Жанарай Тиржанова атқарады.