Қоғамға қызмет

project

«Қоғамға қызмет» жобасы аясында Шаңырақтың оқушылары ата-аналарымен бірге жыл сайын түрлі әлеуметтік нысандармен жұмыс істейді: «Аналар үйі», «Ардагерлер кеңесі», «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы», Щучинск қаласындағы «Сәбилер үйі».

Шаңырақтар ҰОС ардагерлерін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек пен қолдау көрсетеді. Бұдан бөлек, ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Жоба мектеп оқушыларының қоғам өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейту және олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында іске асырылады.