READx

project

READx – бұл жоба шеңберінде ауқымды оқырмандар конференциялары ұйымдастырылады, онда спикерлер өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, осы кітаптарды оқу олардың дүниетанымы мен өмірге көзқарасына қалай әсер еткенін баяндайды.

READx конференциясы әр Зияткерлік мектепте ай сайын өткізіледі. Спикерлер ретінде 5 адам сөз сөйлейді, олар оқушылардан, мұғалімдерден және ата-аналардан тұратын кең аудиторияның алдында өз ойларымен бөліседі. Әрбір READx кездесуінде мектеп қоғамдастығының әртүрлі өкілдері: ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар, сондай-ақ шақырылған қонақтар – танымал адамдар мен қоғам қайраткерлері – сөз сөйлейді. Жобаның мақсаты – оқу мәдениетін, тілдік құзыреттілікті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту.