NIS оқушысы қазақ тілін үйренуге арналған сайт ойлап тапты

04 маусым 2024 15:30

S. A. T “ – қазақ тілін үйренуге арналған бірегей қосымша. Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Баюк Мария қазақ тілін үйренуге бағытталған интерактивті “S. A. T “ сайтын ойлап тапты.

“Қазақ тілін үйренуге бағытталған интерактивті сайт” жобасының авторы Баюк Мария Қостанай қаласындағы “Қазтелерадио” АҚ басшылығы атынан Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. “Қазтелерадио” акционерлік қоғамының ұжымы қазақ тілін үйренуде белсенді түрде қолданатын болады.

Аталмыш қосымша ғылыми жоба аясында әзірленді. Веб-қосымша https://tales.ictlab.kz. қолжетімді. Сонымен қатар, 18.01.2024 жылғы №42160 авторлық құқық туралы куәлік ресімделді.

Жоба халықтың кең ауқымы үшін қазақ тілін үйренуде жақсы құрал болатынына сенімдіміз.