NIS Тамыз кеңесі: «Жаңа технологиялар заманындағы академиялық адалдық»

29 тамыз 2024 16:00

Жаңа технологиялар заманындағы академиялық адалдық NIS-тің дәстүрлі тамыз кеңесі 23-27 тамыз аралығында Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті.


Жиынның ашылу салтанатында NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин еліміздегі білім сапасын дамытуда Зияткерлік мектептердің үлесін сөз етіп, бірқатар әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын баяндады.


«Жаңа технологиялар заманындағы академиялық адалдық» тақырыбындағы ауқымды шараға республикамыздағы 21 Зияткерлік, 1 Халықаралық мектептен 100-ге жуық педагог қатысты. Ал 3500 мұғалім пленарлық отырыстар мен секцияларды қашықтан тыңдады.


Дәстүрлі шараға Қостанайдағы білім ошағынан мектеп директоры Гульнара Дусказиева, тәрбие ісі жөнінде директордың орынбасары Амир Ажмухамбетов және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Елена Ващенко арнайы барып қатысты.


Бес күнге созылған шарада өткен жылғы нәтижелер мен оқушылардың үлгерімі туралы статистикалық деректер келтіріліп, әр мектептегі даму жоспарын талқыланды.



Сонымен қатар, мектебіміздің бірқатар ұстаздары білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды.