NIS қоржыны 3 пантентпен толықты

04 маусым 2024 10:07

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен оқушылары Қорқыт Ата атындағы университеті жанындағы Инженерлік бейіндегі зертхана ғалымдарымен бірлесіп дайындаған 3 зерттеу жұмысы енді заңмен қорғалады. Атап айтқанда химия пәні мұғалімдері Гүлсана Талқанбаева, Марат Сыздықбаев пен 11-сынып оқушысы Алдияр Аппаздың өнертабысы, химия мұғалімдері Марат Сыздықбаев, Жанабай Доскеев пен 10-сынып оқушылары Дайана Шахмарал, Кәусар Нұрмаш ойлап тапқан «Алюмосиликатты синтетикалық сорбенттер арқылы өндірістік ағын су құрамындағы ауыр металл иондарын тазалау әдісі» пайдалы модель ретінде патенттелді. Сондай-ақ химия мұғалімі Гүлнұр Мақсұтқызы зерттеген «Бетонның беріктігін арттыру тәсілі» жұмысына пайдалы модель бойынша патент берілді.