Есірткісіз болашақ

24 қаңтар 2024 10:09

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірдегі Зияткерлік мектеп оқушыларымен кездесті.

Кездесуде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Гаухар Омарова жастарға тыйым салынған заттардың денсаулыққа тигізер кері әсерін түсіндіріп, оларды тұтыну мен таратуға қатысты заң аясындағы жауапкершілікті баяндады.

Аталған шара жастардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.