- /
- Новости /
Оқушылар ата-ана сағатында
26 қаңтар 2024 11:42
Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте «Ата-ана сағаты» жобасы бастау алды.
Екі аптада бір рет мектеп ата-аналары «құрмет», «адалдық», «отбасы құндылықтары мен дәстүрлері» бағыттары бойынша түрлі танымдық іс-шараларда оқушыларға адамгершілік, рухани тәлім-тәрбие береді.
Алғашқы сабақ «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» тақырыбында өтті. «Айша бибі» шаңырағының 8 D сынып ата-анасы Гулзабида Төребаева жас өрендерге сәлемдесу салтының тарихы мен рөлі туралы баяндап, амандасу әдебінің теріс оң және теріс бағыттарын атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – өскелең ұрпақты үлкендермен амандасуға, бір – бірімен сәлемдесуге, ізет, сый-құрмет көрсетуге үйрету», – дейді ата-ана.
Шара барысында қатысушылар сәлем туралы мақал-мәтелдер айтудан жарысып, олардың мән-мағынасын талдады.
Алдағы уақытта мұндай тәрбиелік сағаттар «Қарым-қатынас мәдениеті», «Ұстазға құрмет – баршаға міндет», «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі», «Асылдың бірі — адалдық», «Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол», «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына», «Отбасы – ұлағат ұясы», «Бақытты отбасы – ел қуаты» тақырыптарында өткізілетін болады.