NIS Talks: XXI ғасырдың өзекті мәселелері қозғалды

29 қаңтар 2024 11:57

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте NIS Talks конференциясы өтті.

Алаңда 9-сынып оқушылары «Шешендік өнер», «Прокрастинация артықшылығы», «Бай адамдардың әдеті», «Үгіт-насихат және оған берілмеу жолдары», «Әдемі сөйлеу – өнер», «Қарым-қатынас – жетістікке апарар жол», «Шетел тілдерін білу мүмкіндіктері», «Дофаминдік тәуелділік», «Өз-өзіне сенімділік», «21 ғасырдың прокрастинациясы» тақырыптарында баяндама жасады.

Жас өрендер әртүрлі ресурстарды талдап, маңызды ақпараттар жинақтады. Идеяларымен бөлісіп қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын арттырды.