Республикалық ғылыми жобалар байқауы: мектеп қоржынында 1 күміс, 2 қола

04 наурыз 2024 16:00

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда Арайлым Аширмет «Ауаны ластаушы қатты бөлшектерді PM2,5 PM10 анықтау және одан қорғану» зерттеу жұмысымен 3-орынды иеленсе,  Мұхамедияр Нұрділда «Карбоксиметилцеллюлозадан гидрогель алу»  жобасын ұсынып, күмістен медаль тақты.

«Қоршаған орта» бағытында Жанқуат Жақай мен Ілияс Бөрібай өздері құрастырған «Bio_project» мобильді қосымшасын таныстырып, 3-орынмен марапатталды.

Айта кетейік,  ел мықтыларын анықтайтын беделді сайысқа 19 секция бойынша 679 жобамен 867 жас өрен қатысты.