Мектептің қыздар командасы мини-футболдан ІІІ орын иеленді

02 сәуір 2024 13:34

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында Тараз қаласында өткен футзалдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңінде қызылордалық сұлулар қоладан медаль тақты.

Оңтүстік өңірлердің жас спортшыларын жинаған сайыста ұлдар арасында Мадияр Ердулла мықты ойын көрсетіп, «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. Ал қыздар арасында Ару Махамбетова «Үздік ойыншы» атағына ие болды.