- /
- Новости /
«Руханият» клубы бас қосты
19 сәуір 2024 14:53
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Руханият» отбасылық оқырмандар клубының қатысушылары Мұхтар Мағауиннің әйгілі «Тазының өмірі» шығармасын талқылады.
Отбасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2019 жылы мектеп жанына «Руханият» отбасылық оқу клубы ашылды. Осы жылдар ішінде оның құрамы 200-ден астам белсенді қатысушылармен толықты. Жыл сайын клую мүшелері қазақ әдебиетінің шығармаларымен танысып, өзгелерге насихаттап келеді.
Соңғы кездесуде оқушылар мен ата-аналар Мұхтар Мағауиннің «Тазының өмірі» шығармасын оқуға таңдап алды. Кітаптан алған әсерлерімен өзара бөлісіп, рухани-адамгершілік құндылықтарын ашты. Практикалық бөлімде «Тарсия» әдісі бойынша кітап мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, сәйкестендіру арқылы пирамида құрастырды.
– Баланы кітаппен таныстыруда отбасының рөлі зор. Ата-ана – баласын кітап оқудағы жолсерігі. Ол шығарманы таңдап, сатып алады және үнемі не оқу керек екеніне кеңес беріп отырады, – дейді педагог-кітапханашы Бағдат Төлепбергенова.