- /
- Новости /
Айя мен Замира – қазақ тілінен республикалық олимпиада жүлдегері
20 мамыр 2024 15:46
Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрамасы екі жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ тілі білгірлерінің олимпиадасында 11-сынып оқушысы Айя Сердалы (жетекшісі Гаухар Мананбай) және 10-сыныптың білім алушысы Замира Абдулла (жетекшісі Мейрамкүл Доненхожаева) мектеп намысын қорғап, екі екінші орынды жеңіп алды.
Байқау қатысушылары бірінші айналымда қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы бойынша және Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша эссе жазса, екінші кезеңде тест тапсырмаларын орындап, үздік орындарға таласты.