- /
- Новости /
Оқушылар экоүй, экоқала құрастырды
22 мамыр 2024 15:50
Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде STEM жәрмеңкесі өтті.
Аталмыш шарада 7-8-сынып оқушылары экоүй, экоқала макеттерін құрастырып, таныстырды.
Дарынды өрендер заманауи әрі тиімді технологиялармен жабдықталған, энергия үнемдейтін және өндіретін немесе баламалы энергия көздері арқылы жылынатын және жарықтандырылатын ғимараттардың прототиптерін дайындады.
«Біз тұрғын үй кешенінің макетін жасадық. Ақылды үйіміз заманауи қоғамның сұранысына бейімделген. Жобамыздың басты мақсаты – тұрғындардың таза суға қолжеткізу мәселесін шешуде инновациялық шешімдерді қарастырдық. Сонымен қатар көгалдандыру мен аббатандыруда да күн жарығынан қорғайтын арнайы автоматты шатыр қою арқылы жасыл желектердің өңірдің ерекше климатта өсуіне жағдай жасай аламыз. Жылжымалы төбе қалқасы күн батареясынан қуат алады. Бұл жүйе – экономикалық және экологиялық тиімді, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді», – дейді қатысушы Айзере Жақыпбек.
Сайыс қатысушылары I, II, III орындармен мараматталып, «Үздік топтық жұмыс», «Креативті идея», «Үздік дизайн» номинация иегерлері анықталды.