- /
- Новости /
NIS қоржыны 3 пантентпен толықты
31 мамыр 2024 15:58
Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен оқушылары Қорқыт Ата атындағы университеті жанындағы Инженерлік бейіндегі зертхана ғалымдарымен бірлесіп дайындаған 3 зерттеу жұмысы енді заңмен қорғалады.
Атап айтқанда химия пәні мұғалімдері Гүлсана Талқанбаева, Марат Сыздықбаев пен 11-сынып оқушысы Алдияр Аппаздың өнертабысы, химия мұғалімдері Марат Сыздықбаев, Жанабай Доскеев пен 10-сынып оқушылары Дайана Шахмарал, Кәусар Нұрмаш ойлап тапқан «Алюмосиликатты синтетикалық сорбенттер арқылы өндірістік ағын су құрамындағы ауыр металл иондарын тазалау әдісі» пайдалы модель ретінде патенттелді.
Сондай-ақ химия мұғалімі Гүлнұр Мақсұтқызы зерттеген «Бетонның беріктігін арттыру тәсілі» жұмысына пайдалы модель бойынша патент берілді.