- /
- Новости /
Мейірімділік пен қамқорлыққа толы кездесу
07 маусым 2024 16:19
Мұстафа Шоқай, Хан Тәңірі және Айша бибі шаңырақтары қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде болып, қайырымдылық шарасын өткізді.
Бірнеше жылдан бері мектеп оқушылары әлеуметтік жауапкершілік пен қамқорлық секілді құндылықтарды жанына серік етіп, қайырымдылық шараларын белсене ұйымдастырып келеді Әсіресе қаладағы қарттар мен мүгедектерға арналған интернат тұрғындарына үнемі көңіл бөлуді дәстүрге айналдырған.
Бұл жолы жас өрендер орталық тұрғындарына нағыз мереке сыйлады: дәмді дастархан жайып, ойын-сауық бағдарламасымен көңілдерін көтерді. Ең бастысы – достық пен мейірімділікке толы атмосфера орнатып, өмірлерінен қызықты сәттерімен бөлісті.
Бұл шара –өмірдің әрбір сәтін бағалауға, бір-біріне деген мейірімділік пен қамқорлық көрсете білуге үйретеді және үлкен тәжірибе ретінде жылдар бойы есте қалатын үлкен тәжірибе.