- /
- Новости /
Сыр өңіріндегі NIS халықаралық CIS реаккредиттеуінен сәтті өтті
17 маусым 2024 16:54
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін қайта растады.
Осыдан бір ай бұрын Германия, Канада, Италия, Катар және еліміздің халықаралық сарапшылары мектепке келіп, білім беру бағдарламасынан бастап мектептегі қауіпсіздік ортасын қалыптастыруға дейін маңызды 9 бағыт бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқушы, ата-ана, ұстаздар мен қамқоршылық кеңес мүшелерімен тілдесіп, оқыту үдерісі мен тәрбие жұмысына бағалау жүргізді.
CIS командасы жіберген қорытынды нәтижелерінде мектептің бірнеше тиімді тұстарын атап өтті. Олар: оқушылар өздерін қауіпсіз әрі құнды екенін сезіну үшін қызметкерлер мектепте қолайлы ортаны құруда бірлесіп жұмыс жасайды, оқу мен сыныптан тыс шаралардың әралуандылығы шәкірттердің әл-ауқаты мен жаһандық азамат ретінде қалыптасуына оң септігін тигізеді, мектептегі жоғары сенім атмосферасы мен ерекше қамқорлық сезіледі.
Айта кетейік, өңірдегі Зияткерлік мектеп халықаралық аккредиттеу сертификатын алғаш рет 2018 жылы алған болатын.
CIS – білім беру саласындағы ең жоғары стандарттар мен соңғы жетістіктерді ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Бүгінде оның құрамына 100-ден астам елден 911 мектеп пен 622 университет енген.