- /
- Новости /
WALS-2024: ұстаздар халықаралық конференцияда зерттеулерін таныстырды
01 қазан 2024 17:00
Астанада Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының WALS-2024 халықаралық конференциясы аяқталды. Әлемнің 30 елінен жиналған зерттеуші-педагогтер «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбы аясында тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияның бүкіл тарихында абстрактілердің рекордтық саны – 850-ден астам жұмыс қабылданды, олардың көпшілігін қазақстандық мұғалімдер дайындады.
Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектеп ұстаздары да жаһандық жиында 9 жұмыс таныстырды: «Оқу стратегиялары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту», «Оқушылардың коммуникактивтік оқыту әдістері арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту», «Сараланған оқыту арқылы оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалай дамытуға болады?», «Ашық сұрақтар мен коммуникативті технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында сөйлеу дағдыларын жетілдіру», «Ағылшын тілінің элементтерін қолдана отырып физиканы оқытудағы CLIL технологиясының тиімділігі», «Әртүрлі әдістер негізінде деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың бірлескен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру», «Төңкерілген оқыту» стратегиялары арқылы 9-сынып оқушыларының ақпаратты өңдеу, саралау және қорытындылау дағдыларын дамыту», «Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындыға айналдыру формулалары» математикалық нұсқалыққа бірлескен тәсіл», «Проблемалық оқыту стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың дәлелдеу дағдыларын дамыту» тақырыптар аясында баяндамаларын ұсынды.
Сонымен қатар конференция алаңында Lesson Study-ге арналған симпозиумдар, постер сессиялар, шеберлік сағаттары және елордалық мектептерде кездесулер өтті.
Айта кетейік, Қазақстан жаһандық WALS эстафетасын 2023 жылдың қарашасында Нидерландыда қабылдады. Конференциялар бұған дейін Сингапур, Ұлыбритания, Жапония, Қытай және т.б. елдерде ұйымдастырылды.