Ата-ана тәрбиеші рөлінде

11 қазан 2024 10:30

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының ата-аналары жатақхана тәрбиешісі рөлінде өздерін сынап көрді. Олар уақытша педагог болып қана қоймай, спорттық секциялар, тәрбие сағаттары мен тақырыптық тренингтер ұйымдастырды. . Аналар балаларын жұмысқа баулу бағытында да белсенді жұмыс жасады: балалармен бірге бөлмелерді тазалап,  киімдерді жуып, үтіктеді. Сонымен қатар жатақханада тазалықты сақтаудың маңыздылығы турасында әңгімелесті.

Бұл іс-шара оқушылар мен олардың ата-аналары арасындағы байланысты нығайта түсті.