banner

Мектеп тарихы

  • /
  • Мектеп тарихы

МЕКТЕП ТАРИХЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 30 тамызында ашылған NIS желісіндегі 15-ші білім ордасы.

Мектептің миссиясы – оқытудың ұлттық және халықаралық үздік тәжірибелерін қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты, интеллектуалды дамуына ықпал ететін сапалы білім беру.

Заманауи үлгідегі технологиялармен жабдықталған білім ордасы қазақстандық және шетелдік үздік тәжірибемен ұштастырылған академиялық терең білімді қалыптастыруға, пәндердің кіріктірілуіне және кең ауқымды дағдылар мен құндылықтарды дамытуға бағытталған NIS-Programme  бағдарламасы  негізінде білім береді.  Ағылшыт тілімен қатар екінші шетел тілі ретінде француз, неміс, кәріс, қытай тілдерінен арнайы қосымша сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың жан-жақты дағдыларын дамыту және жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында мектепте түрлі элективті курстар мен 45 қосымша білім беру үйірмелері жұмыс жасайды.

2013-2022 жылдар аралығында мектепті барлығы 845 оқушы бітірді. Бітірушілерден 15 түлек «Алтын белгі», 61 – «Үздік аттестат» иегерлері атанды. 161  түлек Назарбаев Университетінде, 55-і АҚШ, Германия, Италия, Қытай, Гонконг, Оңтүстік Корея, Чехия, Түркия, Венгрия және Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында, қалғандары еліміздің беделді университеттерінде грант негізінде білім алуда. Мектептен түлеп ұшқан алғашқы шәкірттер жоғары оқу орындарын сәтті тәмамдап, еліміздің тұрақты дамуына өзіндік үлес қосып жүрген белсенді азаматтардың қатарынан көрініп келеді.

Мектеп оқушылары  халықаралық  конкурстарда, республикалық пәндік олимпиадаларда,  аймақтық және желілік байқауларда үнемі үздік нәтиже көрсетіп келеді.

2017 жылы Зияткерлік мектеп білім беру саласындағы жоғары сапаны қамтамасыз ету мақсатында стандарттар әзірлеу және білім беру мекемелерін аккредитациялаумен айналысатын Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS)  аккредитациясынан сәтті өтіп, білім сапасын растады.