БИДАХМЕТ НҰРИСЛАМ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

05 шілде 2024 08:31

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «В» сынып оқушысы Бидамет Нұрислам Болгарияда өткен Әлем кубогынде «киокушинкай-кан каратэден» қола жүлдегер атанды.

Нұрислам 7 жасынан бастап Киокушинкай каратэ түрімен айналысады. Осы уақытқа дейін Қазақстан чемпионаттарында, халықаралық чемпионаттарда, Азия чемпионаттарында жүлделі орын алған талантты жас спортшы. Енді Болгария мемлекетінің Варна қаласында өткен Әлем чемпионатының 70 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Нұрислам қола жүлдені еншілеп отыр.

- Әлем чемпионатына біртіндеп 13 жасымнан дайындық жұмыстарын жүргізіп бастадым. Осы, Болгарияда өтетін жарысқа ақырғы екі ай қатарынан күрделі дайындық өтті. Үміт күткендей, жаттықтырушымның, әке-шешемнің, туғандарымның үмітін ақтауға барымды салдым, солардың қолдауымен жүлделі 3 орынға ие болдым. Осындай үлкен жарыста Қазақстан туын желбіретіп, педисталда турсам деген арманым болатын, - дейді жүлдегер Нұрислам Бидахмет.

Арманы асқақ, мақсаты айқын жас спортшының бұл жеңісті күндерінің тек алғашқылары болсын дейміз! Алдағы уақытта мектебіміздің, облысымыздың, еліміздің атын шығарар даңқты спортшылардың қатарына енсін деген тілек білдіреміз!