- /
- Новости /
АЙЗЕРЕ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
12 шілде 2024 16:05
Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9"D" сынып оқушысы Жеңісханова Айзере Халықаралық "Туймаада" қашықтық олимпиадасынан 1-орынға ие болды.
М. А. Алексеевтың атымен өткізілетін Халықаралық олимпиада математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өткізілді.
Мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Абишева Жанар Семейкановнаның шәкірті Айзере олимпиадаға химия пәнінен, "Неорганикалық және физикалық химия" бағытында 12 сыныптық оқу бағдарламасының 10-сынып оқушыларына дейін "Кіші лигасына" қатысты. Ұзақ уақыт дайындықты талап еткен үлкен жұмыстан кейін Айзере Жеңісханова 1-орынды иеленіп отыр.
Мектебіміздің мақтанышы республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Айзерені кезекті жеңісімен құттықтаймыз!