БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ХАКАТОНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

14 тамыз 2024 13:12

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 – сынып оқушылары Расул Ризабек, Альжан Нарғалиев Oskemen it-Hub-та өткен "Flood Challenge" хакатонында жеңіске жетті.

Жарыстың мақсаты Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайларын болжау бойынша инновациялық шешімдер жасау, әрекет ету және су тасқынынан болатын зиянды азайту болып табылады.

Қатысушыларға қойылған басты шарт белгіленген деректерді жүктеу, ашық көздерден алынған деректермен деректер жиынтығын толықтыру, деректерді талдау, болжамды модель жасау болды.

Финалға өткен 4 команданың жұмысы мен жобалары қаралғаннан кейін «Tasqyn» командасы жеңімпаз деп танылды. Яғни «Tasqyn» командасы 11-сынып оқушылары Расул Ризабек пен Альжан Нұрғалиев. Олар 7 күнге дейін көкжиегі бар су тасқыны жағдайларын болжай алатын болжамды модельді ұсынған.

Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!!!