- /
- Новости /
«ИНТЕРНЕТ - АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!»
28 тамыз 2024 15:19
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРДІҢ ҚАРАСЫ КӨБЕЙГЕН. ОСЫ ОРАЙДА АТАЛМЫШ ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАРДЫ БОЛДЫРМАС ҮШІН МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
Өскемен қаласы прокуратура бөлімінің мүшесі Ирков Р. В. интернет алаяқтарының жұмыс жасау қулықтарын, оларды тексеру және алданбау жолдарын айтып түсіндірді.
-Қарапайым ғана мысал, бөтен нөмірден сізге қоңырау шалып, жақын адамыңыздың қиын жағдайда екенін жеткізеді. Ал тұрғындарға жақын жандары туралы айтқан кезде бірден сасқалақтап, не істеп жатқанын білмей қалады. Олар соны пайдаланып кетпеуі үшін, бірінші көзіңізді жеткізіп, жақыныңызға қоңырау шалып, біліп алыңыздар,-дейді Ирков Р. В.
Өткен оқу-жылының көлемінде ұжымда да бірнеше жағдайлар кездескен. Бірақ алдағы уақытта барынша сақ болуға шақырамыз!