Кітапхана
КІТАПХАНА
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы мектеп кітапханасы 2011 жылы 13 қыркүйектен бастап жұмыс жасап келеді. Кітапхана – мәдени ақпараттық орталық, оқу жүйесінің басты құрамы және білім ошағының маңызды бөлігі. Мектеп кітапханаларының жұмыс істеуінің маңызды аспектілері - үздіксіз ілгерілеу мен даму. Заманауи мектеп кітапханасы тек қана кітап беріп және қабылдайтын, сақтау орны емес. Бүгінгі таңда оқырман сұранысы өте жоғары болғандықтан, жұмыс барысында әдеби дәстүрлерді креативті-шығармашылықпен ұштастырады. Кітапханашы заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына мүмкіншіліктер жасайды. Қолданушылардың ақпаратты өз бетімен тауып және оны қолдана алуына жол ашады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханалары Сингапур, АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея елдерінің мектептерінен алынған тәжірибені іске асырып, үнемі даму мен ізденіс үстінде. Құрметті қолданушылар сіздердің назарларыңызға кітапхана жайлы ақпаратты осы презентацияда ұсынамыз!