Шабыт алаңы

project

«ШАБЫТ АЛАҢЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ

 

1.                 Жобаның өзектілігі

Қазақстандық қоғамның жаңғыруы мен инновациялық дамуы жағдайында тұлғаның ең маңызды қасиеттері – бастамашылдық, шығармашылық, жауапкершілік. Қосымша білім беру жүйесі осы қасиеттердің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді, сонымен қатар оқушылардың қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытудың анықтаушы факторларының бірі болып табылады.

 

2.       Жобаның мақсаты:

Шығармашылық және концерттік іс-әрекеттер арқылы оқушылармен тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру.

Жобаның міндеттері:

1. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

2. Ұжымдық шығармашылық әрекетті жүзеге асыру арқылы балаларды өзара көмекке, өзара түсіністікке үйрету.

3. Шаңырақта оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру.

4. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және дамыту

 

3.  Жоба түрі

Жоба түрі: шығармашылық.

 

4. Жобаны іске асыру мерзімі

Іске асыру мерзімі: ұзақ мерзімді.

Әр апта сайын (сейсенбі сайын) 20 минуттық үзілістер кезінде шығармашылық шағын концерт ұсынылады.

 

5. Шығармашылық жобаны жүзеге асыру кезеңдері

1.      

 Дайындық кезеңі

1) жобаға қатысуға өтінімдерді жинау;

2) қатысушыларға репертуар таңдау;

3) жоба қатысушының қосымша білім беру мұғалімдерімен репетициялық жұмысы

2.      

 Ұйымдастыру кезеңі

1) қатысушылармен сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті және сыртқы келбеті туралы кеңес беру жұмысы

2) жобаға қатысушылардың жауапкершілігін анықтау;

3) музыкалық репертуарды уақтылы тапсыру;

4) жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру.

3.      

 Практикалық кезең

1) шығармашылық топтың сахнадағы жұмысы

2) концерттік бағдарламаны бейнероликке түсіру

3) жобаның орындалу барысын бақылау

4.      

 Қорытынды кезең

1) шаңырақтар жұмысын қорытындылау

2) әрбір жобаның шығарылымын әлеуметтік желілерде жариялау

3) жобаны іске асыру туралы талдау-есепті жүргізу

 

6. Жобаны жүзеге асырушылар

Жоба үйлестірушісі: Кумарханова Арайлым Кумархановна – қосымша білім беру мұғалімі

Жұмыс тобы:

а) шаңырақтардың кураторлары;

б) қосымша білім беру мұғалімдері

 

7. Күтілетін нәтижелер:

- жеке жетістіктер;

- музыкалық ой-өрістерін кеңейту;

- музыкалық мәдениетті арттыру;

- көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын меңгеру;

- ұжымдағы әрекеттердің тиімділігі мен үйлестірілуі