- /
- Жобалар /
- Мектепішілік жобалар /
Қазақ әндері
«Қазақ әндері» жобасы
Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазақ әндері» жобасы 2014 жылдың қараша айынан бастау алып жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Қазақ елінің бай ән мұрасын насихаттауға бағытталған жобаның негізгі мақсаты: оқушыларға ғасырдан – ғасырға жалғасқан Қазақ әнінің тарихын, авторларын білумен қатар, бала бойында ән өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. үйренуге ұсынылатын әндер қатарына ұлттық, отбасылық, жалпы барлық адами құндылықтарға баулуға негізделген халық әндері және Қазақстан композиторларының әндері енген.
Міндеттері:
Қазақтың ұлттық ән дәстүрін білуге үйрету, оқушылардың өз ана тілін терең білу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
Қазақ әнінің тарихын зерттеу арқылы зерттеушілік – жобалық жұмыстарға дағдыландыру;
Оқушылардың бойында рухани – адамгершілік, музыкалық мәдениетті дамыту, өнерді сүюге баулу, Қазақтың ұлттық ән өнері мен ұлттық ән дәстүрі арқылы оқушыларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Жобаның өзектілігі:
«Қазақ әндері» түрлі жастағы аудиторияны туған өлкесінің дәстүрін құрметтеуге шақырады және ұмыт болып бара жатқан мәдени мұраларды қайта жаңғыртады.