Қоғамға қызмет

project

Негізгі нормативтік құжаттарға сәйкес: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбиелеу саясаты және әлеуметтік тәжірибелер мен жобалар туралы Үлгілік ережеге сәйкес «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.

 Бұл жобаға қатысу маңызды тәрбиелік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) тұлғаның рухани-адамгершілік және шығармашылық қасиеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) толеранттылықты, әртүрлі дүниетанымы бар адамдар арасындағы өзара түсіністікті дамыту;

3) аға ұрпақты құрметтеуге және қоғамдағы барлық адамдарға тең қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Осы жобаның арқасында балалар нақты іс-әрекетте әлеуметтік тәжірибе жинақтайды, белсенді өмірлік ұстанымы бар, қоғамдық борышқа, қоғамға және өз еліне қызмет етуге саналы көзқарасы бар адамдар ретінде дамиды.