- /
- Новости /
“Алтын қазына” көрме-байқауындағы жеңіс
13 ақпан 2024 21:20
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Дарина Алшын “Алтын қазына” республикалық сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауының облыстық кезеңінің гран-при иегері атанды.
Он саусағынан өнері тамған жасөспірім Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бейнеленген киізден жасалған триптих картинаны ұсынды. Туынды осы оқу жылында киізден басылып, әзірленген. Оның таңғажайып туындысы қазылар алқасын бейжай қалдырмай, “Тоқыма бұйымдарын жасау” номинациясында бойынша ең жоғары марапатқа ие болды.
Алда оқушы тек NIS мектебінің ғана емес, сонымен қатар облыстың намысын көрме-конкурстың республикалық кезеңінде қорғайтын болады.
Аталған байқауға мектептің тағы бір оқушысы Аделия Аубакирова да қатысып, өзінің құрақ бұйымдарын ұсынды.