Халықаралық аккредиттеу жөніндегі CIS делегациясы келді

14 қазан 2024 15:22

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебіне алдын-ала сапармен халықаралық аккредиттеу жөніндегі CIS делегациясы келді. Мектеп маңызды кезеңге — 2025 жылға жоспарланған қайта аккредиттеу шарасына әзірлікті бастап кетті. Осыған дейін орындалған жұмысты және білім беру процесінің жай-күйін бағалау үшін ұйымның екі сарапшысы Стив Котанен мен Севаг Кендирджян келді.

Сапар аясында меймандар ең алдымен мектеппен және оның қызметімен танысты. Мектеп оқушылары оларға экскурсия жүргізіп, оқу кабинеттерін, зертханаларды және мектептің басқа да маңызды нысандарын көрсетті. Балалар оқушылардың күнделікті өмірі, оқу процесінің ерекшеліктері және мектеп ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Кейін мектеп директоры Данияр Уәлиев кеңейтілген презентация ұйымдастырып, оқу орнының жетістіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап, білім беру бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндірді. Сапардың бірінші күнінде сарапшылар A, F, C, және I сияқты аккредиттеу домендері туралы ақпаратты тыңдады.

Делегацияның сапары 4 күнге созылады. Сапар барысында сарапшылар мектептің жұмысын егжей-тегжейлі зерделеп, сабаққа қатысады, педагогтармен кездеседі. Сапар аяқталғаннан кейін делегация мектепті 2025 жылы қайта аккредиттеуге одан әрі дайындау бойынша өз ұсынымдары мен қорытындыларын ұсынады.