- /
- Новости /
NIS Ақтөбе оқушылары халықаралық олимпиадада екі медаль жеңіп алды
12 шілде 2024 10:02
Ақтөбе қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аян Алтай мен Бағлан Русланұлы «Туймаада – 2024» халықаралық олимпиадасында химия пәнінен III орын алды. Ақтөбедегі NIS оқушылары алғаш рет химия пәнінен қатысып, бірден екі оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Химия олимпиадасы «ойлау экспериментінің» сұрақтары мен элементтерін қоса алғанда, бес теориялық тапсырмадан тұратын бір турдан тұрды. Жарыстың ұзақтығы бес сағатты құрады. Балалар тапсырмалар оңай емес екенін және химия пәнінен қатысушы 60 адам арасынан жүлдегерлер атану оңай болмағанын мойындады .
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 234 бала төрт бағытта жарысты: химия, физика, математика және информатика. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі NIS оқушылары Айдана Айторе мен Әлішер Еркебаев «Туймаада» халықаралық олимпиадасында физикадан қола жүлдегер атанған болатын.
Олимпиада жыл сайын өзінің танымалдығы мен беделін арттыра отырып, отыз бірінші рет өткізілуде. Мұны елдер мен қатысушылар санының кеңеюі дәлелдейді.