- /
- Новости /
Ақтөбедегі NIS оқушысы Аян Алтай химиядан ұлттық турнирде III орынға ие болды
16 шілде 2024 10:33
Ақтөбе қаласының NIS-тің 11-сынып оқушысы Аян Алтай химиядан NChB ұлттық турнирінде III орынға ие болды.
Биыл Орталық Азия мен Қазақстан тарихында тұңғыш рет химиялық шайқастар өтті. Химиялық шайқастар бойынша Ұлттық Турнир Алматыдағы Satbayev University базасында өтті. Жарысқа Қазақстан мен Қырғызстанның 22 елді мекенінен 46 командадан 213 адам қатысты.
Аян Алтай сонымен қатар Республикалық пәндік олимпиаданың, Туймаада халықаралық олимпиадасының және басқа да көптеген желілік жарыстардың жүлдегері.