Өзін-өзі басқару ұйымы мұғалімдерге «шоколад терапия» ұйымдастырды

04 қазан 2024 10:52

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарлама күтпеген оқиғалармен ерекшеленді. Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың бастамасымен мұғалімдерге «шокотерапия» форматында ерекше тосынсый дайындады.

Мұғалімдер бір сәтке өздерінің орнын оқушыларға беріп, сабақтарға қатысушы ретінде кірісті. Оқушылар ұстаздарына арнап түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар дайындап, олардың күнделікті өміріне ерекше көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.