- /
- Новости /
Семейлік оқушы тоғызқұмалақтан Әлем кубогында топ жарды
07 қазан 2024 16:44
Жыл өткен сайын ұлттық ойындарымызға деген ел қызығушылығы артып, халықаралық деңгейде дәрежесін мығымдап келеді. Әсіресе жастардың тоғызқұмалақ ойынына деген ықыласы артуда. Сол жастардың бірі – Малика Асемханова. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы тоғызқұмалақшылардың арасында аты біршама танылған.
Еңбегі мен талантының арқасында 26-30 қыркүйек аралығында 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем кубогынан III орын иеленді. Зияткерлік жарыс Румынияның Константа қаласында өтті. Төрт күнге жалғасқан сайысқа Қазақстан, Болгария, Венгрия, Румыния, Түркия елдерінен 30-ға жуық спортшы қатысқан. Зияткерлік ойын ерлер және қыздар арасында рапид және блиц санаттары бойынша өткен. Шәкіртіміз блиц санаты бойынша қыздар арасында бақ сынаған.
Алғаш тоғызқұмалақпен айналыса бастаған сәтте небәрі 7 жаста болған жас дарын Азия чемпионаттарының 13-14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы күміс медаль жүлдегері, республикалық чемпионаттар да топ жарған.
Малика Асемханованың жетістіктері – тоғызқұмалақ ойынының жастар арасында танымалдылығын арттырып, ұлттық мәдениетімізді насихаттаудағы маңызды қадам. Жастардың зияткерлік ойындарға қызығушылығы арта түскен сайын, еліміздің мәдениеті жаңа деңгейге көтерілері анық.