«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы

project

Мектепте «Қоғамға қызмет ету» жобасы табысты жұмыс жасауда. Ол әлеуметтік әріптестер – мектептермен жұмыс жасау, желілік акциялар, қайырымдылық (балалар үйі, жасөспірімдерді бейімдеу орталығы, бала үйі, қарттар үйі, құлағы нашар еститін балаларға арналған интернат, аз қамтылған отбасылар интернаты) бағыттарында дамуда. №8 балалар, бала үйі үшін «Жүректен жүрекке», мүмкіндігі шектеулі балалар үшін  «Ізгілік шапағаты» атты әлеуметтік инклюзивті жобаларын тұрақты түрде өткізу дәстүрге айналды. 

Сондай-ақ, алдағы уақыттта шәкірттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру һәм дамыту мақсатында ұйымдастырылатын «Қоғамға қызмет ету» жобасы 8 сынып оқушыларына арналмақ. Жоба зияткерлердің әлеуметтік, мәдени және экологиялық бастамашыл идеяларын ортаға салып, қоғам үшін өзекті мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізбек.