Кітапхана
Кітапхана
КІТАПХАНА
Тастанбекова Гульжамал Нишаналиевна
Аға педагог-кітапханашы
Кітапхана туралы
Кітап оқуды насихаттауға бағытталған жобалар мен акциялар
Мерзімді басылымдар
Электронды ресурстар
Жаңа кітаптар
Жұмыс уақыты
Мектеп кітапханасы – мектеп инфрақұрылымының маңызды бөлігі, мектептің мәдени-ақпараттық орталығы, оқу үдерісінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Тұрақты алға жылжу және даму мектеп кітапханаларының жұмыс істеуінің қажетті аспектісі болып табылады. Замануи мектеп кітапханасы оқырманға тек кітаптар беретін және қабылдайтын орын емес. Қазіргі таңда оқырманға тек кітаптар ғана емес, оларға мүмкіндіктердің қажет екені шындық.
Мұнда кітапхананың оқырманға қызмет көрсету рөлі емес, кітапхананың шығармашылық, біріктіруші, синтездеу рөлі алға шығады. Заманауи мектеп кітапханасы оқушының танымдық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытумен тікелей байланысты. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, ақпараттық және функционалдық сауаттылығын, зерттеу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханаларында АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея мектеп кітапханаларының озық тәжірибелері енгізілуде. Мектеп кітапханалары оқырман талабына сай дамып, жаңа келбетке ие болуда. |
Негізгі міндеттері:
Кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы оқушылар мен мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісі мен өзіндік білім алуын қамтамасыз ету. Оқушылар мен мұғалімдердің қатысатын білім беру жобаларына қолдау көрсету.
Оқырмандардың тәуелсіз кітапхана пайдаланушы дағдыларын қалыптастыра отырып, кітап және басқа да ақпарат көздерін пайдалануды, сонымен қатар ақпаратты іздеу, іріктеу және сыни бағалауды үйрету.
Электронды және сандық білім беру ресурстарының кітапханаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
| |
Мектеп кітапханасының кітап қоры Зияткерлік мектеп оқушылары мен мұғалімдерін заманауи білім беру үдерісінің талаптарына сәйкес келетін әдебиеттермен және электронды мәліметтер қорымен қамтамасыз ету мақсатында NIS Programme оқу бағдарламасына сәйкес және баспа нарығы мен кітапхана қорын жинақтаудың халықаралық тәжірибесін талдаудың негізінде жасақталады. Кітапхана қорын толықтыруда мектеп бағдарламасының қажеттілігі, оқушылардың тілдік және жас ерекшеліктерін, оқырмандардың сұранысы ескеріледі. Жалпы кітап қоры оқу, оқу-әдістемелік, көркем және қосымша әдебиеттер мен мерзімді басылымдардан тұратын 27075 дананы құрайды. |
Үнемі алға жылжу және даму мектеп кітапханаларының жұмыс істеуінің қажетті аспектісі болып табылады. Заманауи мектеп кітапханасы кітаптарды шығаратын және қабылдайтын қойма емес. Оқырманға қазір тек КІТАП қана емес, мүмкіндіктер де қажет екенін заманауи шындық көрсетіп отыр.
Кітапхананың қызмет көрсету емес, шығармашылық, біріктіруші, синтездеу рөлі бірінші орынға шығады. Қазіргі мектеп кітапханасы оқушы тұлғасының танымдық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытуға тікелей байланысты. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни ойлауын, ақпараттық және функционалдық сауаттылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.