- /
- Хабарландырулар /
Тараз қаласы ФМБ НЗМ мектебінің «STEAM» ОҒҚ 2024 жылдың 05 маусымында оқушылардың ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: мектеп оқушыларының «STEAM» ғылыми қоғамдастығы мүшелерінің жетістіктерін арттыру арқылы мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу идеяларын кеңейту. Жобалық және зерттеу жұмыстарымен айналысатын барлық қызығушылық танытқан оқушылар қатысуға шақырылады. Ғылыми жоба байқауларында немесе басқа да осыған ұқсас байқауларда бұрын орын алған жобалар конференцияға ұсынылмайды.
БАҒЫТЫ/СЕКЦИЯЛАРЫ 1) «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» • Секциялар: Техника, Физика, Жер және ғарыш туралы ғылымдар 2) «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» • Секциялар: Қолданбалы математика, Математика, Информатика, Экономика 3) «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» • Секциялар: Биология, Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, Химия 4) «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттары» • Секциялар: Тарих, Құқықтану, Өлкетану, Этномәдениеттану, Әдебиеттану, тіл білімі (қазақ тілі). Әдебиеттану, ті білімі (орыс тілі). Әдебиеттану, Тіл білімі (ағылшын тілі) 5) Шығармашылық • Секция: «Шабыт » 6. Стартап жобалары.
МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР! 31 мамыр 2024 ж. –конференцияға абстрактілерді қабылдаудың соңғы мерзімі
5 маусым 2024 ж. –конференция күні,
БАЙЛАНЫСТАР
steam_trz@nis.edu.kz
Жоба жетекшілері арқылы тіркелу керек.